Ұлттық пошта байланыс операторы биыл Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы мен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған "Естелік және мерейтой күндері" сериясы бойынша пошта маркаларын шығаруды жоспарлап отыр.

"Қазпошта, сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ, ЮНЕСКО, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты халықаралық ұйымдарға кіруінің 30 жылдығына және Қазақстанның материалдық емес мұраны сақтау жөніндегі конвенцияға қосылуының 10 жылдығына орайластырылған маркаларды да шығаруға ниетті", – делінген "Қазпошта" АҚ хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Гагарин бейнеленген марка құны – 350 доллар. Қазақстанда марка жинап табыс табуға бола ма?


Бұдан өзге биыл келесі тақырыптарда да таңбаланған конверттер, карточкалар және пошта маркаларын шығару жоспарланған:

  • Қазақстан қарулы күштерінің 30 жылдығы;
  • "Медеу" спорт кешенінің 50 жылдығы;
  • Ресей Федерациясымен дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл;
  • Еуразиялық экономикалық комиссияның 10 жылдығы;
  • XXIV қысқы Олимпиада ойындары;
  • XIII паралимпиадалық қысқы ойындары;
  •  футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионаты;
  • "Мемлекет саясаты" сериясы аясында "Қайырымдылық" тақырыбы.