Биылғы 10 айда қала прокуратурасының бастамасымен 14 борышкер алимент төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды, деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы

Оған қоса, Әлеуметтік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабымен алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін 253 борышкер әкімшілік жауапқа тартылған.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде 16 мың баланың пайдасына 1 млрд теңгеден астам сомаға алимент берешегі өтелді", – делінген ресми хабарламада. 

Бұл ретте Алматы прокуратурасы балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оның ішінде алименттік төлемдерді өндіріп алу жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр. 

"Негізгі бағыттардың бірі – кірістерді жасыру жағдайларын қоса алғанда, алимент төлеушілердің міндеттемелерді орындауын қадағалау. Прокуратура алимент бойынша 1 741 757 теңге қарызы бар борышкерді анықтады, ол казинодан 4 миллион теңгеден аса ұтыс ұтқан, алайда үш айдан астам уақыт бойы міндеттемелерін орындаудан қасақана жалтарған. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен ол, ҚР ҚК-нің 139-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге сотталды", – деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.