Бішкекте сезілген жер сілкінісінің қуаты 6 балл болды
Ыстықкөл облысы аумағында – 7 балл.Қырғызстан астанасының тұрғындары жергілікті уақытпен сағат 00:09-да жер сілкінісін сезінді. Бұл туралы "Кабар" агенттігі жазды.
Сейсмологиялық станциялар мәліметі бойынша зілзала ошағы елдің Қытаймен шекарасында, Ыстықкөл облысы аумағында болған. Бұл тұста дүмпу күші 7 балдан асқан.
Нарын мен Қаракөлде қатты дүмпулер сезілген. Бішкекте сезілуі 6 балл шамасында болған. Агенттік ақпаратына сәйкес, азғантай уақыттан соң жер қайта сілкінген.