Сотталушы Қуандық Бишімбаев соңғы сөзінде жәбірленушілер тарапы БАҚ арқылы өзі туралы жалған ақпарат таратып жатқанын айтты. Бұл мәлімдемеге жәбірленушілердің қорғаушысы Игорь Вранчев түсініктеме берді. 

"Біздің тарапымыздан қандай науқан болуы мүмкін? Біз жақта, міне, Айтым, менің әріптестерім, Бишімбаев жасаған шабуылдар шеңберінде ғана сөйледі. Сондықтан мен бұл жерден ешқандай төлем жасалған деген нәрсені көріп тұрған жоқпын", – деді қорғаушы.

Сондай-ақ, ол жәбірленушілер мен айыпталушылардың қаржылық мүмкіндіктерін салыстырды.


Оқи отырыңыз: Бишімбаев пен Байжановқа үкім қашан шығарылуы мүмкін?


Марқұмның ағасы Айтбек Амангелді де тағылған айыпқа жауап берді.

"Бұлай жасауға ешқандай қажеттілік болған жоқ. Алғашқы күннен-ақ халық бізді қолдай бастады, бұқаралық ақпарат құралдары бұған назар аударды. Бұл үшін БАҚ өкілдеріне де, бізді қолдап жатқан барша халыққа да алғысым шексіз. Әр жолы мен біздің отбасымыз туралы және Салтанат туралы жазылған олқы сөздерді жоққа шығарып отырдым", – деді Салтанат Нүкенованың ағасы.