Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті.  

"Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы. Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылдың 27 наурызында сағат 16.00-ге белгіленді", – деп хабарлады сот.

Алқабилерді іріктеу жабық режимде баспасөз өкілдерінсіз өтті. 

12 наурызда жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот алқабилердің қатысуымен өтетіні белгілі болды.