Бишімбаевтың адвокатын қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Судьяның арызы бойынша тергеу жүріп жатыр.Экс-министр Қуандық Бишімбаевты қорғаған адвокат Ерлан Ғазымжанов полицияға арыз түсірді. Ақпаратты Астана полиция департаменті растады.
Адвокат белгісіз біреулердің қоқан-лоққыларына шағымданды. Елорданың Сарыарқа ауданының полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 409-бабының 2-бөлігі – "Сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері" бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Қазіргі уақытта іс бойынша істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерделеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп жазылған ведомство хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Бишімбаевтың адвокаты: Бүгін түстен кейін апелляциялық шағым түсіреміз
Аудандық ішкі істер бөлімі судьядан түскен арыз бойынша тергеуді бастады. Тергеу Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі – "Сот төрелігіне және сотқа дейінгі тергеп-тексеруге кедергі жасау" бойынша жүргізілуде.