24 жылға бас бостандығынан айырылған экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның қорғаушылары сот шешіміне шағым түсірмек.

Informburo.kz тілшісімен әңгімелесу барысында адвокат Ерлан Ғазымжанов қорғаушы тарап шағымдарды бүгін, яғни шағымдануға болатын мерзімнің соңғы күні, 28 мамырда беретінін айтты.

"Жоқ, біз оны әлі берген жоқпыз, түскі астан кейін тапсырамыз. Қазір тергеу изоляторына барамыз, сосын тапсырамыз. Әр адвокат өз атынан шағымданады. Біздің клиент де жазуы керек. Жазады деп ойлаймын", – деді Ерлан Ғазымжанов.

Оның айтуынша, қорғаушы тарап тағылған айыптардың саралануын талап етпек. Ғазымжанов өз шағымында тергеуде жол берген 20-ға жуық өрескел заң бұзушылықты көрсететінін баса айтты.


Оқи отырыңыз: Салтанат Нүкенованың өлімі: Бақытжан Байжанов апелляциялық шағым түсірді


Бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне кінәлі деп танылған екінші адам Бақытжан Байжанов та апеляциялық шағым түсірген.