Сот Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша қосымша сот-медициналық сараптамасының қорытындысын дәлелдеме ретінде жол берілмейді деп тану туралы қорғаушының өтінішін қанағаттандырмады.

Заңгер Ләйлә Рамазанова сот-медициналық сараптаманың қосымша комиссиясының 2024 жылғы 3 қаңтардағы қорытындысына дәлел ретінде жол берілмейді деп тану туралы өтінішхатты оқыды. Бұл –сарапшы Тахир Халимназаров жүргізген сараптама. Маман Салтанат Нүкенованың өліміне әкелген жарақаты еденге қайта-қайта құлау салдарынан болуы мүмкін емес деген қорытындыға келді.

"Қорғаушының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылсын", – деді судья Айжан Құлбаева өтініш бойынша шешім шығарғанда.

Айжан Құлбаева қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары зерттеуге тапсырыс берген кезде бұзылмағанын атап өтті. Сот Рамазанованың сотталушы Бишімбаевтың құқықтары мен зерттеу тәртібін бұзуы туралы уәждерін негізсіз деп тапты.


Оқи отырыңыз: Бишімбаев ісі: судья мәскеулік сарапшының қорытындысын дәлел ретінде танудан бас тартты