Бишімбаев пен Байжановқа үкім қашан шығарылуы мүмкін?
Алқабилер мен судья шешімді 10 мамырда шығаруы мүмкін.Сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі мамыр айындағы мерекелерден кейін жариялануы мүмкін.
Бүгін, 6 мамырда Бишімбаев пен Байжанов соңғы сөз сөйлегеннен кейін судья Айжан Құлбаева үзіліс жариялады. Келесі кездесу 10 мамыр күні сағат 10.00-де өтеді. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, келесі процедуралар – алқабилердің сұрақтарын таңдау және үкім шығару.
Кулуарда зардап шеккен тараптың қорғаушысы сұрақтарды тыңдау қанша уақытқа созылуы мүмкін екенін айтты.
Оқи отырыңыз: "Мен Салтанаттың тірі болғанда қалай өмір сүретіні туралы ойладым". Байжанов сотта соңғы сөзін айтты
"Бұл алқабилер кеңесу бөлмесінде қанша уақыт болатынына байланысты. Менің ойымша, 10 мамырда жарты күн сұрақтарға жұмсалады, өйткені біздің, қорғаушы тараптың арасында сұрақ қоюға қатысты даулар болатыны сөзсіз. Қалай болғанда да, судья оларды түзетеді, ал қалғанын алқабилер шешеді. Мүмкін олар сол күні шешім шығарар, мүмкін сот барысында зерттелген материалдарды одан әрі зерделеуге уақыт керек шығар. Менің ойымша, бұл кем дегенде бір күнді алады", – деді Игорь Вранчев.