Бишімбаев қай жылы және қандай жағдайда шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады?
Ол 16 жыл жазасын өтегеннен кейін мұндай құқыққа ие болады.Қуандық Бишімбаев 2040 жылға қарай шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш бере алады.
"Қуандық Бишімбаев қазір сотталған аса ауыр қылмысы үшін жазаның 2/3 бөлігінен кейін арыз беру құқығы туындайды. Бұл 16 жыл, бұл 2039-2040 жылдар", – деді үйлестіруші судья Алма Есімова сот отырысында.
Журналистер бұл үшін зардап шеккен тараптың толық келісімі қажет пе, жоқ па екенін анықтап сұрады.
"Материалды қарау кезінде жәбірленушінің пікірі ескеріледі", – деп түсіндірді Алма Есімова.
Оқи отырыңыз: Бишімбаев 24 жылға сотталды