Қазақстанның қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,78 теңгеге қымбаттап, бір АҚШ долларының орташа бағамы 475,96 теңге болды.

Ұлттық банктің 21 қыркүйектегі ресми бағамы 1 долларға – 473,22 теңге. Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 476 теңгеден сатылып, 479 теңгеге сатып алынып жатыр. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474,5 теңге, сатып алу бағамы – 478,5 теңге.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы 4,4% өсті: қай өңірлер көш бастап тұр?