Биржада доллар бағамы 2,83 теңгеге арзандады
Бүгін доллар бағамы 453,39 теңгені құрады.28 сәуірде Қазақстан қор биржасындағы сауданың қорытындысы бойынша, доллар бағамы 453,39 теңгені құрады.
Бір тәулікте доллар бағамы 2,83 теңгеге арзандаса, бір ай ішінде 5,13 теңгеге өсті.
Қазақстанның валюта айырбастау пункттерінде доллар сатып алу бағамы – 451-451,5 теңге, сату бағамы – 453-455 теңге.
KASE-де доллардың саудасы 2 мамырда қайта жалғасады.