"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы 7 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыз болатынын хабарлады.

Метеорологтардың болжамынша, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Абай, Қарағанды және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады.

Компания жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтап, көлік арасындағы қауіпсіз арақашықтықты ұлғайтуға, сондай-ақ жол жағдайының нашарлауына дайын болуға кеңес берді.

"Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығынан алуға болады", – делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.