Бір жылда көмірдің орташа бөлшек бағасы 5,7% қымбаттап, 14 мың теңге болды
Ішкі нарықта сатылған көмір көлемі былтырғыдан 6% азайып, 58,4 млн тоннаны құрады.2021 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстанда 92,6 млн тонна көмір өндірілді. Көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,6% көп, деп хабарлады naryk.kz сайты.
Өңірлер бойынша ең көп өндіргендер:
- Павлодар облысы – 53,7 млн тонна, былтырғыдан 0,5% аз;
- Қарағанды облысы – 31,4 млн тонна, былтырғыдан 1,5% көп;
- ШҚО – 7 млн тонна, былтырғыдан 15,2% көп.
Ақшалай есептегенде биыл 291,7 млрд теңгенің көмірі өндірілді. Ал былтыр 12 айда өндіріс алдыңғы жылдағыдан 1,4% аз болып, 113,4 млн тоннаны құраған еді.
Қаңтар-қыркүйек аралығында ішкі сұраныстың 99,4%-ын отандық өндірушілер қамтамасыз етті. Импорт үлесі – 0,6%. Импорт көлемі былтырғыдан 20,7% азайып, 438,5 мың тонна болды. Ал экспорт 31,4% өсіп 21,1 млн тоннаға жетті.
Ішкі нарықта сатылған көмір көлемі былтырғыдан 6% азайып, 58,4 млн тоннаны құрады. Қазан айында көмірдің бөлшек бағасы 13,9 мың теңге болды, былтырғыдан 5,7% көп.