Бір уақыт белдеуіне көшу: Жұма намазы 1 наурыздан бастап нешеде оқылады
Республиканың бірқатар өңірінде жұма намазын оқу уақыты өзгереді.Қазақстанның 1 наурыздан бастап бір уақыт белдеуіне көшуіне байланысты елімізде жұма намазын оқу уақыты жаңарады. Жаңа кестені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Информбюро порталының сұрауына жауап ретінде ұсынды.
Өңірлер бойынша жұма намазын оқу уақыты:
- Сағат 13.00: Абай облысы;
- Сағат 13.10: Алматы қаласы, Алматы, Жетісу облыстары;
- Сағат 13.15: Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары;
- Сағат 13.20: Шымкент қаласы, Жамбыл, Түркістан облыстары;
- Сағат 13.30: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары;
- Сағат 13.49: Атырау облысы;
- Сағат 13.52: Маңғыстау облысы;
- Сағат 13.55: Батыс Қазақстан облысы.
Оқи отырыңыз: Шағбан айы басталды. Бұл айда оразаға қалай дайындалу керек?
Еске салайық, мұндай шешім 21 ақпанда өткен ҚМДБ Ғұламаларының кеңесінде қабылданған болатын.
Биыл Рамазан айы 11 наурыз бен 10 сәуір аралығына сәйкес келеді. Қадір түні – 5/6 сәуір.
Ал Құрбан айт 17-19 маусым аралығында мерекеленеді.
Оқи отырыңыз: Рамазан айына 16 күн қалды. Өткен жылғы ораза қазасын қалай өтеу керек