"Бір мәйітке – бір сағат": Крематорий қызметіне қандай санитарлық талаптар қойылады
Колумбарийлер үй, мектеп, мәдени, спорт мекемелерінен кемі 50 метр қашықтықта салынады.Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық комитеті Қазақстанда кремация (яғни, өлген адамды өртеп, күлін жерлеу) қызметіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды айқындады.
Оған сәйкес, крематорийлердегі пеш саны қажеттілікке қарай, яғни аза тұту рәсімдерінің санына, халықтың өлім-жітіміне байланысты анықталады. Ал крематорийдің өткізу қабілеті орташа есеппен бір кремациялауға – бір сағат есебіне негізделеді.
- Крематорий негізгі екі – қызмет көрсететін және салтанатты бөліктерден тұрады және оларда келесі үй-жайлары болуы тиіс:
- 1фойесі, жуынатын бөлмелері, қосалқы және қосалқы үй-жайлары бар кіру тобы;
- аза тұту (салттық) залы, шлюзі, патологоанатом кабинеті, медициналық, қосалқы және көмекші үй-жайлары бар салттық;
- бейімделу бөлмесі мен залы бар үй-жайлардың демалыс тобы;
- үй-жайлардың көлік тобы.
Сондай-ақ, ережеде колумбарийлер (қайтыс болған жандардың күлі сақталатын зират) тұрғын үйлерден, емдеу, балалар, білім беру, спорттық-сауықтыру, мәдени-ағарту мекемелерінің, бау-бақша серіктестіктерінің, коттедждік құрылыстардың, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің аумақтарынан кемінде 50 метр қашықтықта салынуы тиіс екені жазылған.
От жағумен, яғни кремациялаумен айналысатын адамдар міндетті түрде сіреспе мен сібір жарасына қарсы екпе алуы тиіс. Сонымен қатар, олар жеке қорғаныс құралдарымен – арнайы киім мен арнайы аяқ киім жиынтығымен (резеңке етік, резеңке қолғап, респиратор немесе ауыз бен мұрынды жабатын дәке таңғыш, комбинезон) қамтамасыз етіледі. Крематорийде қолданылатын заттардың бәрін сыртқа алып шығуға қатаң тыйым салынады.
Бұған дейін крематорийде өртелген адамдардың күлі қалай жерленетінін баяндағанбыз.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанда крематорийде өртелген адамдардың күлі қалай жерленеді
- Почему алматинский крематорий пока не могут запустить. Даже после завершения строительства
Еске салайық, қайтыс болған жандардың күлі сақталатын зират колумбарий деп аталады. Ал күлдің өзі арнайы жерлеу урнасына салынып көміледі. Колумбарий қолданыстағы зираттардың ішіне салынбайды. Ол үшін кәдімгі зират секілді арнайы жер учаскелері бөлініп, жеке салынады. Колумбарийдің ашық және жабық түрлері болады:
- ашық – ұяшықтары бар қабырғалар ашық аспан астындағы зираттарда орналасқан;
- жабық – ғимараттардың ішіне орналастырылған.
Бұл жайлы толығырақ Информбюроның осы материалынан оқып білесіздер.