Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл мемлекеттік білім грантының байқауында грант иеленбеген талапкерлер қосымша мүмкіндіктер туралы ақпарат алу үшін Call-орталығына хабарласуына болатынын мәлімдеді

Call-орталығының байланыс нөмірлері:

  • 8(7172) 69-50-69;
  • 8(7172) 69-52-92;
  • 8(7172) 69-50-71. 

"2024-2025 жылғы оқу жылына арналған білім грантын иеленбеген талапкерлердің грант иегері атануы үшін қосымша мүмкіндіктер жөнінде ақпарат ұсыну мақсатында арнайы Call-орталығы жұмыс істейді. Call-орталығы арқылы сіз қосымша гранттар, оқу ақысын жеңілдету және басқа да мүмкіндіктер туралы ақпарат ала аласыз", – делінген хабарламада.

Call-орталығының жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:00 аралығы. 

Еске салайық, "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры талапкерлерге 850 білім беру грантын бөлген болатын. Одан бөлек, мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов грант иеленудің түрлі жолдары бар екенін түсіндірген болатын. 


Оқи отырыңыз: "Қазақстан халқына" қоры 850 білім грантын бөлді. Оны қалай жеңіп алуға болады