БҒМ 2021-2024 жылдарға арналған білім гранттарының санын жариялады. Толық тізім
Биыл бакалавриат бойынша білім алуға 54 261 мемлекеттік білім беру гранты бөлінеді.Білім және ғылым министрлігі 2021-2022, 2022-2023, 2023-2024 оқу жылдарына арналған білім беру бағдарламаларының топтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға (магистратура және докторантура) мемлекеттік білім беру тапсырысын жариялады.
Алдағы 3 оқу жылының әрбірінде бакалавриат бойынша 54 261, магистратураға 13 088, докторантураға 1 890 білім гранты бөлінеді.
Оқи отырыңыз: Магистратура мен докторантураға түсу бойынша 8 маңызды сұраққа жауап
2021-2024 жылдарға арналған білім гранттарының санын төмендегі тізімнен көруге болады.
Loading...
"Талапкерлер құжаттарын ақпараттық жүйе арқылы тапсыратын болады. Сонымен бірге жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Мамандар өткен жылдағыдай бейне байланыс арқылы талапкерлерге кеңес береді", – деп хабарлады ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
Бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру гранттарының саны 5 мыңға артатынын хабарлаған болатын. Ал 2025 жылға дейін білім беру гранттарының саны 50 пайыз көбейеді.