Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биылғы жоспарға сәйкес, 5 миллион гектар бос жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтару жұмысы мерзімінен бұрын орындалғанын хабарлады. Сондай-ақ, жер инспекторларының тексеру нәтижелері бойынша 1,8 миллион гектар жерді иелері ұзақ уақыттан кейін игере бастады.

"Тексеру саны былтырмен салыстырғанда 8 есе өсті. Бұған жерді тексеруге мораторийді алып тастаудың арқасында қол жеткіздік. Кезінде заңсыз берілген, "жұмыс істемеген", яғни ел экономикасына пайда әкелмеген учаскелерді анықтадық. Өкініштісі, жергілікті атқарушы органдар бұл жұмысқа әрдайым және барлық кезде қатыспағанын да айту керек", – деп жазды Ербол Қарашөкеев.

Инфографика ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің Facebook парақшасынан алынды

Министрдің айтуынша, 2023 жылы тағы 5 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтару міндеті бар. Министрлік бұл міндетті мерзімінен бұрын, яғни қазірден бастап орындай бастайды. Бұл орайда Ербол Қарашөкеев тексеруден ешкім құтылмайтынын ескертті.


Оқи отырыңыз: Amanat Қарағанды облысында 1 млн га жерді мемлекет меншігіне қайтаруға көмектесті