Берік Уәли "Хабар агенттігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. 

Берік Уәли 1977 жылы туған. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы мамандығы бойынша, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын журналистика мамандығы бойынша, Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

Берік Уәли. Фото Берік Уәлидің Facebook парақшасынан алынды

Оқи отырыңыз: "Хабар" арнасы директорының міндетін атқарушы болып Айгүл Әділова тағайындалды


Еңбек жолын "Таң" телеарнасының тілшісі болып бастап, түрлі жылдары "31 арна", "Хабар", "Qazaqstan" телеарналарының редакторы және жүргізушісі болып еңбек етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы "Нұр Медиа" медиа орталығын басқарған. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ОҚО Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, Жамбыл облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы болды.

Сондай-ақ, "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі, Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі және ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2019 жылы наурызда мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды.