Қазақстан аумағынан Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге 6 ай мерзімге тыйым салу енгізіледі. 

Бұл туралы Энергетика министрлігінің Көлік, Сауда және Ұлттық экономика министрліктерімен бірлескен бұйрығының жобасынан белгілі болды. 

Анығында, қазір қолданыстағы тыйым (2023 жылғы қаңтарда енгізіліп, тамызда алты айға, кейін 2024 жылғы ақпанда тағы да алты айға ұзартылды) тағы жарты жылға созылатын болады. Сәйкесінше, бензин мен дизельді Қазақстан аумағынан көлікпен әкетуге салынған тыйым кемі екі жылға созылады. 


Оқи отырыңыз: Қазақстан бензин мен дизельді экспорттауға тыйым салу мерзімін ұзартады


Құжат жобасына сәйкес, бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Ал бұйрық жобасы 19 тамызға дейін жария талқыға ұсынылған.