Әмбебап базарларды сауда және ойын-сауық орталықтарына немесе сауда үйлеріне айналдыру үшін кәсіпкерлерге тағы бір жарым жыл уақыт береді. Бұл туралы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев айтты. 

Оның айтуынша, ол бұл бастаманы қолдайды және тиісті заң жобасын Мәжілісте қорғауға дайын. 

"Біз ұлттық палатамен бірлесіп, бұл мәселені пысықтадық. Заң жобасында модернизациялау мерзімі 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін деп жазылады. Сауда орындарын жабамыз деп ешкім айтып жатқан жоқ", – деді вице-министр.