Батыс Қазақстанда тұрғын үйде шыққан өрт кезінде 45 адам құтқарылды
21 тамыз күні таңғы уақытта Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар депараментіне өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндірушілердің күшімен 18 адам құтқаралып, тағы 27 адам эвакуацияланды.
Пәтерлердің бірінен ысқа улану белгілері бар 1973 жылы туған ер адамның денесі табылды. 1979 жылы туған әйел адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.
Өрт тұрғын үйдің 8-ші қабатында тұтанған.
"Оқиға болған жерде Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 20 техникасы мен 8 қызметкері жұмыс атқарды. Өрт таңғы сағат 05:09-да оқшауланып, 05:34-те толығымен сөндірілді", – деді БҚО ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының басшысы.
БҚО ТЖД өрттің шығу себебі мен зардап шеккендер жөнінде ақпарат анықталып жатқанын хабарлады.
Қосалқы бөлмені шарпыған қызыл жалынның жалпы аумағы – 60 шаршы метр. Жұмсақ үй жиһаздары мен құрылыс заттары күлге айналып, қабырғалар мен үй үшін қою қара түтін басқан.