Қаратөбе аудандық соты мемлекеттік мекеменің қаражатын жымқырған есепшіге үкім шығарды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлады.

Соттың үкіміне сәйкес, ол 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан және сол мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

"Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе аудандық прокуратурасымен есепшінің мекеме басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз қолданып, 7 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырғаны анықталды", – деп жазылған хабарламада.

Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі 1-тармағымен (өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ірі мөлшерде жымқыру және талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.


Оқи отырыңыз: Енді ойынқұмар азаматтар мемлекеттік мекемеде тегін емделе алады


Келген шығынның 1 млн астамын ғана қайтарған сотталушы сот процесінде жымқырған қаражатты құмар ойындарға жаратқанын айтты. Үкім заңды күшіне енген жоқ.