Батысқазақстандық шағын және орта бизнес өкілдері осы жылдың басынан бері 1,2 трлн теңгенің өнімін өндірді. Облыстағы 58 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілерінде 130 мың адам жұмыс істеуде, деп хабарлады БҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

Шағын және орта бизнесті дамытуға биыл 22 млрд теңге бөлініп, 3 мыңнан астам жобаларға қолдау көрсетілуде.

Шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында облыстағы индустриялық аймақта бүгінгі күнге жалпы құны 14,9 млрд теңгеге 5 инвестициялық жоба іске асырылуда. Сонымен қатар, жалпы көлемі 2,8 га жер телімі негізінде шағын өнеркәсіптік аймақ құрылысы да қолға алынуда.

Шағын өнеркәсіптік аймақ алаңында өздерінің мүмкіндіктері жоқ шағын бизнес субъектілеріне жаңа өндіріс орындарын ашу үшін инфрақұрылымдары  дайын жер телімдері ұсынылатын болады. Бұл шағын және орта бизнесті одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.


Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан облысында биыл 642 шақырым жол жөнделуде