Президент тапсырмасына сәйкес ауыл халқының әл-ауқаты мен табысын арттыруға бағытталған "Ауыл аманаты" бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламада өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсерін тигізеді.

Бағдарлама аясында соңғы екі жылда облыста 7 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп, ауылдық жерлерде 1,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды.

Несиеге қол жеткізе алмайтын, халықтың әлеуметтік  осал топтарына биылғы жылдан бастап тауарлық несие беру жүзеге асырылуда. Әзірге 195 отбасына тауарлық несие ретінде 247 бас мүйізді ірі қара, 474 бас ұсақ мал және 64 бас жылқы берілді. Жұмыстар жалғасуда.

Биыл өңірдің ең ірі кәсіпорны "Қарашығанақ" мұнай-газ компаниясымен меморандумға қол қойылып, бағдарлама аясында кәсіп ашқан тұрғындардың өнімдерін кооперациялар арқылы КПО компаниясына тікелей сату жұмыстары ұйымдастырылды.

Өнім өндірісі көлемін арттыру және саланың дамуына инвестиция тарту мақсатында 2024-2026 жылдары агроөнеркәсіп кешені саласында жалпы құны 120 млрд теңгені құрайтын, 870 жаңа жұмыс орнын құратын 38 инвестициялық жоба жоспарланса, соның ішінде биыл 19 жоба аяқталды.

Нәтижесінде өңірде өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесі президент тапсырмасына сәйкес 2026 жылы 70% деңгейіне жетпек.


Оқи отырыңыз: