Басым инвестициялық қызметтер тізіміне музей, кітапхана және архив қосылады
Қазіргі таңда бұл тізімге тек денсаулық сақтау саласындағы қызметтер енген.Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесіне кітапханалардың, архивтердің, музейлердің және өзге де мәдениет саласындағы қызметтер қосылады. Бұл мәдениет саласындағы жобаларға мемлекеттік қолдау үшін жасалып отыр, делінген қаулы жобасының түсіндірмесінде.
Бұл ретте өзгерістер тізімге енген жобалардың бәріне тек мемлекеттік заттай грант беруді ғана көздейді.
"Қазіргі уақытта мұражайлар заттар мен өнер туындыларын сатып алуды және импорттауды жүзеге асырмайды. ЕАЭО-ның бірыңғай кедендік тарифтеріне сәйкес өнер туындыларына, коллекциялық заттарға және антиквариатқа әкелу кедендік бажының мөлшерлемесі 0 пайызды құрайды. Ал өнер заттарының импортын ҚҚС-тан босату инвестициялық жобаны орындау шеңберінде емес, ҚР Салық кодексіне сәйкес қолданылатын болады", делінген қаулы түсіндірмесінде.
Оқи отырыңыз: Кітапханашының жалақысы – 81 мың, мұрағатшыныкі – 78 мың теңге. Мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы өсе ме?
Сондай-ақ, қаулы жобасында бұл өзгерістердің Алматы қаласында қазіргі заманғы өнер мұражайын (Almaty Museum of Arts) салу бойынша инвестициялық жобаға қала әсер ететіні жазылған. 602 жұмыс орнын ашатын музей салу жобасы экспонаттарды сатып алу шығындарын есепке алмағанда 15 млрд теңге инвестиция салуға әкеп соғады. Сәйкесінше, музейлердің басым инвестициялық жобалар тізіміне енуі Алматы қазіргі заманғы өнер мұражайын жәдігерлермен толтыруға мүмкіндік береді.
Еске салайық, жоба инвесторы "Almaty Museum of Arts" корпоративтік қоры жүзеге асырады. Бұл жобаны "Астана групп" басшысы Нұрлан Смағұлов 2021 жылы қыркүйекте таныстырды. Ол, жоспар бойынша, музей 2023 жылы ашылады деп хабарлаған болатын.
Оқи отырыңыз: Нурлан Смагулов строит в Алматы музей современного искусства. Зачем ему этот проект и сколько он стоит?