Қазақстанда жалдамалы баспана бағасы көтерілді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Сарапшылардың айтуынша, бұл маусымдық құбылыс.

Krisha.kz порталының мәліметінше, өткен аймен салыстырғанда жалдамалы баспана құны орта есеппен 3,6 пайызға өскен.

Әсіресе, қымбатшылық ірі мегаполистер мен еліміздің батысындағы қалаларда қатты байқалады. Мәселен, Оралда пәтерді жалға алу құны бірден 10 пайызға өссе, Алматы мен Ақтауда 7 пайызға, Ақтөбе, Көкшетау мен Қонаев қалаларында 5 пайызға қымбаттаған. Ал Павлодар, Өскемен, Петропавлда керісінше баға түскен. Жалдамалы баспана құны- 3,6 пайызға өскен.

  • Оралда – 10%
  • Алматы – 7%
  • Ақтау – 7%
  • Ақтөбе – 5%
  • Көкшетау – 5%
  • Қонаев – 5%
  • Павлодар – 1%
  • Өскемен – 1%
  • Петропавл – 5%.