Бас прокурор "Күнделіктегі" жарнама туралы: Бізге арыз-шағым түскен жоқ
"Күнделік" ақапараттық жүйесі Қазақстанның 15 өңірінде қолданылады.Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов мәжіліс депутаты Ерлан Саировтың "Күнделік" жобасына қатысты жолдаған сауалына жауап берді.
Еске салайық, депутат "Күнделіктің" қолдан жасалып отырған монополия екенін айтып, оған қоса платформаның жарнама алаңына айналғанын сынға алған еді. Алайда бас прокурор Берік Асыловтың сөзінше, прокуратураға "Күнделік" ақпараттық жүйесінің жұмысына қатысты, оның ішінде жарнаманы тарату мəселелері бойынша қандай да бір арыз-шағым түспеген. Дегенмен, бас прокурор "Күнделік" ЖШС инвестициялық шығындарды өтеу жəне кірістер алу үшін жүйеге жарнама өнімдерін орналастыруға құқылы екенін және бұл жалпы мемлекеттік-жекешелік əріптестік туралы заңнаманың талаптарына қайшы келмейтінін айтты.
Сондай-ақ, бас прокурор депутаттың "монополияға" қатысты айыптауына да жауап берді.
"Ұлттық экономика министрлігі уəкілетті орган ретінде "Күнделік" электронды журналдары мен күнделіктерінің жобаларына салалық сараптаманың оң қорытындысын берді. Қазіргі уақытта елдегі мемлекеттік мектептерде 4 цифрлық білім беру платформасы қолданылады. Тиісінше, білім беру платформаларының балама нұсқалары бар", – делінген Берік Асыловтың жауабында.
Оқи отырыңыз: Продолжат ли школы пользоваться системой "Күнделік" или перейдут на новый сервис? Ответ Минпросвета
"Күнделік" ақпараттық жүйесі Қазақстанның 15 өңірде пайдаланылады. Ал қалған өңірлердің мектептерінде келесі платформалар қолданыста: Edus mektep, Bilim All және Bilim class.