Бас прокуратура жанынан заңсыз иеленген активтерді елге қайтаратын комитет құрылады
Жарлық мәтіні Ашық НҚА порталында жарияланды.Қазақстанда заңсыз активтерді қайтаратын арнайы комитет қайтарылады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған президент жарлығының жобасында хабарланды.
"Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитеті құрылсын. Үкімет бас прокуратурамен бірлесіп комитеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылдасын. Заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселелері жөніндегі комиссияның ережесі мен дербес құрамы бекітілсін", – делінген жарлық жобасында.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Мемлекеттің байлығы белгілі бір адамдарға емес, барша халыққа тиесілі