"Барлық мәселе тәрбиеде": Қорғаныс министрі әскердегі әлімжеттік пен суицид туралы
Министр "әскерге жарамды жастарды түнгі клубтардан әкетіп жатыр" деген мәселеге қатысты да пікір білдірді.Әлімжеттік пен суицид деректерінің көбеюінен ата-аналар баласын әскерге жіберуден қорқады. Қорғаныс министрі бұл мәселеге қатысты не ойлайды? Журналистер бұл туралы Мәжіліс куларында министр Руслан Жақсылықовтан сұрады.
"Менің ойымша, бар мәселе тәрбиеде. Өзі үшін, басқа еркектер үшін, Отаны үшін жауапкершілік ала алатын еркек қылып тәрбиелеу керек. Ал егер ол бар назарын түнгі клубқа бөлсе, еркек болмағаны. Кім екенін көрсетпей-ақ қояйын, бұл жерде ондайлар жоқ. Егер өз еліңнің патриоты болсаң, неге әскерге бармайсың?", – деді министр.
Министр "әскерге жарамды жастарды түнгі клубтардан әкетіп жатыр" деген мәселеге қатысты да пікір білдірді.
Оқи отырыңыз: Әлем елдері жастарды әскерге шақырудан бас тартып жатыр. Қазақстанда жағдай қалай?
"Әскерге шақырылғандар компьютер клубтары мен түнгі клубтардан ұсталып жатса, олардың денсаулығы бос уақытын осылай өткізуге мүмкіндік береді деген сөз. Демек, ондай жастардың конституциялық міндетін орындап, әскер қатарына баруға мүмкіндігі бар.
"Өмірде бәрі болуы мүмкін. Адаммен жұмыс істейтін адам ешнәрседен сақтандырылмаған. Бірақ Қарулы күштердің басшылығы келеңсіз мәселелерден арылу үшін барлық шараларды қолданып жатыр", – деді Руслан Жақсылықов.