Бақытжан Байжановқа сот үкімі шықты
Прокурорлар Байжановты айыптаған бір бапты алып тастады.Астана қалалық соты Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімін жария етті. Үкім бойынша ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Гастро-орталық директоры Бақытжан Байжановқа бастапқыда ҚР Қылмыстық кодексінің 432-бабы "Жасыру" және 434-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша айып тағылды. Алайда кейін прокурорлар бір бап бойынша айыптамайтын болды.
"Бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді. 2023 жылғы 11 қарашадан бастап үкiм заңды күшiне енгенге дейiн қамауда ұстау уақыты: бас бостандығынан айыру мерзiмi тәулігіне бір жарым тәулік мөлшерінде есептелсін", – деп оқыды судья.
Аталған баптар бойынша ол айыппұл төлеп, 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді.
Оқи отырыңыз: Адвокат Бишімбаевтың өмір бойына бас бостандығынан айырылатынына сенбейді