Балалар арасындағы суицид: бас прокурор Берік Асылов мәлімдеме жасады
Прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттап тастады.Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов балалардың өзіне-өзі қол жұмсау мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады.
Қадағаушы органның басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырғанын ерекеш атап өтті.
"Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейтін боламыз" – деп жазды Берік Асылов.
Оның айтуынша, прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттап тастады. Сонымен қатар қазіргі кезде қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс жүргізіліп жатыр.