Ол қаңтар айында Алматы әкімі қызметінен босатылған болатын.
Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржылық саясат жөніндегі коллегиясының мүшесі атанды. Бұл туралы ЕЭК сайтында жазылған.
Бақытжан Сағынтаев. Фото: ЕЭК сайты
Бақытжан Сағынтаев 2019 жылғы 28 маусымнан 2022 жылғы 31 қаңтарға дейін Алматы қаласы әкімі қызметін атқарды.
Бұған дейін ол президент әкімшілігінің басшысы, мемлекеттік хатшы, премьер-министр лауазымдарында еңбек етті.