Әзербайжан республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеті 25-28 қыркүйекте Шуша қаласында өтетін Диаспора жастарының бірінші форумына шетелдегі этникалық қазақ жастарын шақырып отыр. Бұл туралы "Отандастар" қоры хабарлады. 

Форумда Түркі әлемінен келген 19-30 жас аралығындағы жастар бас қосады және диаспора жөніндегі өзекті мәселелер талқыланады. 

Әзербайжан республикасының Диаспорамен жұмыс жөніндегі мемлекеттік комитеті қатысушылардың сапарға қатысты жол және өзге де шығындарын өз мойнына алады. Өтінімдер 15 қыркүйекке дейін "Отандастар" қорының oq.contests@gmail.com электронды мекенжайына қабылданады.


Оқи отырыңыз: 1 қазаннан бастап ХҚКО қандас мәртебесін алуға өтініш қабылдамайды