Ауылға жұмысқа барған дәрігерлер мен мұғалімдерге 345 мың теңге жәрдемақы төленеді
Сондай-ақ, оларға берілетін кредит мөлшері де айқындалды.Ұлттық экономика министрлігі ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін баратын түрлі сала өкілдеріне берілетін жәрдемақы мен несие мөлшерін белгіледі. Бұйрық жобасы Ашық НҚА порталында қоғам талқысына ұсынылған.
Оған сәйкес, көтерме жәрдемақы 100 АЕК мөлшеріне (345 мың теңге) тең.
Ал тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 АЕК-тен аспайтын мөлшерде (5 175 мың теңге) бюджеттік кредит беріледі.
Мұндай мемлекеттік қолауға келесі сала қызметкерлері ие болады:
- денсаулық сақтау;
- білім беру;
- әлеуметтік қамсыздандыру;
- мәдениет;
- спорт;
- агроөнеркәсіптік кешен мамандары;
- ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері.
Оқи отырыңыз:
- Жұмыссыз қалғанда берілетін жәрдемақы. Оны кімдер және қалай алады?
- Үкімет балалы отбасыларға 4 түрлі жәрдемақы береді. Алу жолдарын түсіндіреміз
Бұйрық жобасы 22 мамырға дейін жария талқыға ұсынылған.