БҰҰ Бас хатшысының Ауғанстандағы арнайы өкілі және БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясының басшысы Роза Отунбаева Қазақстанның бас қаласында өтетін Астана халықаралық форумында Ауғанстан мәселесін жан-жақты көтеретінін хабарлады. 

"Астанада өтетін маңызды форумда Орталық Азияның Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің қиылысы ретіндегі айрықша рөлі туралы айтамын. Мен тұтас аймақтың ажырамас бөлігі ретінде Ауғанстаннан келетін қиындықтар мен мүмкіндіктердің бүкіл аймақтың әлеуетін іске асыруға тікелей әсер ететініне назар аударамын. Сонымен қатар, халықаралық қоғамдастықтың қолдауымен Орталық Азия елдерінің Ауғанстандағы жағдайды шешуде және елдің алдағы онжылдықта алдына қойып отырған барлық сын-тегеуріндерді шешуші рөл атқара алатыны туралы егжей-тегжейлі айтып беремін", – деп мәлімдеді ол. 

Еске салайық, Астана халықаралық форумы 29-30 мамырда өтеді. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. 

Ұйымдастырушылар 39 панельдік сессия өтеді жоспарлап отыр.  Оның ішінде 10 эксклюзивті сессия жоғары дәрежелі қонақтармен және әлемдік көшбасшылардың жеке қатысуымен өтеді.

Форум бағдарламасы "Сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік", "Энергетика және климаттың өзгеруі", "Экономика және қаржы" деп аталатын  үш негізгі тақырыптан тұрады.


Оқи отырыңыз: В Астане проведут форум, который отменили в прошлом году из-за дефицита средств в бюджете