Тәліптер енді желіні түбімен жойуы мүмкін. Ауғанстанда интернетті қолдануға тыйым салынды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Телеарналар да жабылудың аз-ақ алдында тұр. Талибан қозғалысы бұл шараны "күнәмен күресу" деп атады. Яғни, халықтың анайы видео көріп, қыздарға қырындауына жол бермейміз деп отыр. 

Қазір интернет үйлерде, кеңселер мен бизнес орталықтарында өшірілген. Істейтін тек мобильді желі ғана. Алайда, оның өзі баяу, әрі қымбат дейді жергілікті тұрғындар. 

Талибан билікке келгелі бері елде шектеу көбейді. Басым бөлігі әйелдерге қатысты. Мәселен, ауған қыздары қазір қарапайым орта білімнің өзін ала алмайды. Ол аздай, нәзік жандылардың көптеген салада жұмыс істеуіне тыйым салынған.