Қазгидромет Қазақстан аймақтарында 26 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жаңбыр жауады, найзағай, дауыл және желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Елдің батысында, оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Ал солтүстік, солтүстік-батысында тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

"Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады: облыстың оңтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады. Жетісу облысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады", – делінген Қазгидромет хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Президент: ШЫҰ-ның Экология жылын өткізу жөніндегі жоспары – уақтылы көтерілген бастама


Ұлытау, Абай облыстарында, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Сондай-ақ, 26 тамызда Алматы қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.