Мемлекеттік гимн орындалуымен биіктігі 91 метр болатын тұғырға көк байрақ көтеріліп, аспан астында байрағымыз желбіреді.

Ұлттық мереке шарасына Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, мемлекеттік және аймақтық мекемелердің өкілдері, спортшылар, әскери қызметкерлер және қала тұрғындары қатысты. Жалпы, іс-шараға 600-ден астам атыраулық жиналды.

Шара соңында жергілікті өнерпаздар  "Көк тудың желбірегені", "Сүйемін, Қазақстан" әндерін орындап, халыққа ерекше патриоттық көңіл-күй сыйлады.