Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 15 шетел азаматы Қазақстан аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі. 

Полицияның мәліметінше, аталған азаматтар соттың елден шығару туралы шешімін өз еркімен орындамаған. Осыған байланысты құқық қорғау органдары оларды күштеп шығару шарасын қолданған.

Шетелдіктер Маңғыстау облысы "Тәжен-авто" бақылау-өткізу бекеті арқылы Қазақстан аумағынан тысқары шығарылды.

Құзырлы органдардың хабарлауынша, заң бұзған азаматтарға алдағы 5 жыл ішінде Қазақстанға қайта кіруге тыйым салынды.