Атырауда 7 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлады
7 жасар қыз ауруханада қаза болды.Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалды, деп хабарлады қалалық полиция басқармасы.
Оқиға 26 маусымда сағат 00.40 шамасында Атыраудағы Жеңіс саябағындағы алаңда болған.
"2017 жылы туған қыздың үстіне ескертікш құлады. Алған жарақатының салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында көз жұмды", – деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Қазір бұл факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.