ATP 250 Almaty Open турнирінің жартылай финалистері анықталды
Қазақстандық Александр Шевченко (61 ATP) ширек финалда аргентиналық Франсиско Серундолодан (31 ATP) екі сетте 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.ATP 250 Almaty Open турнирінің жартылай финалистері анықталды, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Қазақстандық Александр Шевченко (61 ATP) ширек финалда аргентиналық Франсиско Серундолодан (31 ATP) екі сетте 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.
Жартылай финалда Серундоло турнирдің екінші ракеткасы, чилилік теннисші Алехандро Табилоны (23 ATP) - 3:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтқан канадалық Габриэль Диалломен (118 ATP) ойнайды.
Тағы бір ширек финалдық кездесуде Бейбіт Жукаев (213 ATP) ресейлік Карен Хачановтан (26 ATP) ұтылды - 2:6, 4:6.
Карен Хачанов жартылай финалда 6:2, 7:6 (13:11) есебімен жарыстың бірінші ракеткасы, америкалық теннисші Фрэнсис Тиафоны (15 ATP) жарыс жолынан шығарған аустралиялық Александр Вукичпен (85 ATP) кездеседі.
Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет.