Елімізде алдағы уақытта жүзден аса спорт нысаны салынады. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов "1001 түн" бағдарламасында айтты.

Спорт нысандары аудандар мен ауылда бой көтереді.

"Көптеген ауылдарда инфрақұрылым жетіспейді. Осыған орай алдағы үш жылда 100-ден аса спорт нысанын аудандар мен ауылдық жерде салу жоспарда бар. Сондай-ақ, мәдени саясат тұжырымдамасына сәйкес, 345 мәдениет нысанының құрылысы салынады. Оның 80 пайызы өңірлерде, аудандық және ауылдық жерлерде бой көтереді." – деді Асхат Оралов.

Сондай-ақ,министр облыс орталықтарында олимпиадалық резерв мектеп-интернаттары мен колледждер салу жоспарда бар екенін айтты.