Елорданың қоғамдық көлігінде жол ақысын треккинг функциясының көмегімен төлеуге болады. Бұл туралы Астана әкімдігі хабарлады.

Ол үшін Avtobys мобильді қосымшасының картасынан автобусты таңдау қажет.

  • Трекингпен төлеу үшін:
  • маршруттар бөліміне өтіңіз;
  • қажетті бағдарды таңдаңыз;
  • белгішені басу арқылы автобусты таңдаңыз;
  • төлеу функциясын басыңыз;
  • төлемді растаңыз.

Төлем Avtobys қосымшасының теңгерімінен немесе банк картасынан (банк картасы қосымшаға тіркелген жағдайда) алынады.

Қосымшаның теңгерімін QIWI, kassa24 төлем терминалдары, интернет-банкингтер арқылы толтыруға болады.


Оқи отырыңыз: Астанадағы төрт бағытқа демалыс күндері жаңа автобустар қосылады


Естеріңізге сала кетейік, елорданың қоғамдық көлігінде жол ақысын:

  • көлік картасы;
  • QR-код сканерлеу;
  • Bluetooth арнасы;
  • банк картасы;
  • NFC құрылғылары;
  • автобустың борт нөмірі;
  • трекинг функциясы арқылы төлеуге болады.