Елорданың Байқоңыр ауданында өрт жөнінде жедел хабар түсіп, оқиға орнына өрт сөндірушілер жіберілді, деп мәлімдеді ТЖМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, құтқарушылар қазіргі уақытта Амангелді Иманов көшесіндегі жеке тұрған бір қабатты павильонда тұтанған өртті ауыздықтап жатыр. Оқиғаның нақты себептері анықталуда. Зардап шеккендер туралы ақпарат әлі түскен жоқ.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда домофон арқылы алдаудың жаңа тәсілі пайда болды


ТЖМ өкілдері өрт сөндіру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатқанын атап өтті.