Елорда тұрғындары мен қонақтары Астананың 25 жылдығына арналған жаппай веложарысқа шақырылады. Веложарыс 25 маусымда өтеді. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. 

"Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан бастап 25 шақырым қашықтықты бағындырып, Үркер (Ильинка) елді мекеніне барар жолдағы "Жасыл белдеу" саябағында мәреге жетеді", – делінген әкімдік таратқан хабарламада. 

Оқи отырыңыз: Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?

Әкімдіктің хабарлауынша, веложарысқа қатысуға ниет білдірушілер сағат 8:00-ден 8:30-ға дейін тіркелуі керек. Басталуы – сағат 9:00-де.

Жарыс аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады. Әрбір қатысушы веложарысқа өз велосипедімен қатысады.