Өзгерген қозғалыс сызбасын суреттен қарап қарап алуға болады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының Telegram арнасы жазды.

City Transportation Systems" ЖШС қала тұрғындарына жол жүрер алдында автобус бағыттарын алдын ала қарап алуды ұсынды.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, қазіргі уақытта LRT желісінің жобасын іске асыру шеңберінде Сығанақ көшесінің бойында Сауран көшесі мен Ақмешіт көшесінің қиылыстарында монолитті темірбетон балкаларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Осыған байланысты, 25 тамыздан бастап Сығанақ көшесінің бойымен, Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі (оңтүстік жағы) қозғалыс толығымен тоқтатылады және Сығанақ көшесінің бойымен Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде (солтүстік жағы) қозғалысқа ішінара шектеу (екі жолақ) енгізіледі", – деп жазылған хабарламада.

Шектеу мерзімі 30 қарашаға дейін.


Оқи отырыңыз: Жол жөндеу жұмысы: Астанада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сарайшық көшесінің қиылысы 2 апта жабық болады.