"Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі Астанадағы "Нұрлы жол" теміржол бекетінде жаңа жайлылық аймағы ашылғанын хабарлады

Лаундж аймақ жолаушылардың пойызды күту кезінде уақытын жайлы өткізуі үшін жасал отыр. Оған кіру құны – 2500 теңге, ал аймақта болу уақыты шектелмеген. Дегенмен, лаундж аймаққа бір уақытта 20-25 адам ғана сыяды.

Компанияның мәліметінше, бұл аймаққа кірген жолаушыларға шай, кофе, тіскебасар, қажет жағдайда powerbank ұсынылады. Сондай-ақ, жолаушылар жоғары жылдамдықты Wi-Fi мен шағын кітапхана қызметін пайдалана алады. Жайлылық аймағында жеке әжетхана бөлмесі де бар.

Балаларға арналған ойын алаңы. Фото: ҚТЖ ресми сайты

"Лаундж аймақта пойыздардың келу және жөнелтілу уақытын бақылауға арналған арнайы табло орнатылған, бұл жолаушыларға өз сапар уақытын қадағалауға мүмкіндік береді. Отбасылар үшін арнайы балалар ойын алаңы қарастырылған, онда кішкентайлар уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізе алады. Сонымен қатар, аймаққа кіру құнына багажды сақтау қызметі де қосылған", – делінген ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Компания дерегінше, "Нұрлы жол" вокзалы күн сайын шамамен 7 мың жолаушыға қызмет көрсетеді. 


Оқи отырыңыз: