Қысқы ойын-сауық қаланың барлық аудандарында ұйымдастырылған. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігі хабарлады.

Елордадағы қысқы демалыс орындарының барлығы ашық, келушілерге – тегін. Мұнда әркім өз сырғанақ құралымен жүрсе де болады.

Қысқы сырғанақ орындарының аумағында жарқын декорациялар мен инсталляциялар, тақырыптық фотоаймақтар мен фудкорттар орнатылған.


Оқи отырыңыз: Астананың орталық саябағында ұзындығы 290 метрлік мұз айдыны ашылады


Төменде қаладағы биылғы ең таңдаулы 5 орын ұсынылады.

  • ЭКСПО аумағы. Мұнда қаланың ең үлкен мұз айдындарының бірі орналасқан. Тұрғындар үшін жылы киім ауыстыратын бөлме, Фото аймақтар және жайлы кафелер бар.
  • Орталық саябақ. Елордалық орталық саябақта биыл алғаш рет ұзындығы 290 м болатын ең ұзын саптық мұз айдыны ашылды. Айта кетсек, мұнда 3 ақпанда Оңтүстік Кореяда өткен жасөспірімдер олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған хоккейден Қазақстан құрамасының мүшелері балаларға арналған шеберлік сабақ өткізеді.
  • "Қазақ елі" монументі. Ескерткіш алаңы тірі шыршалармен және жарқын қондырғылармен безендірілген. Келушілер бұл жерді тегіс және биік, қауіпсіз мұз айдыны үшін таңдайды.
  • Қалалық алаң. Оң жағалау орталығының қысқы тұжырымдамасы жағалаудан басталып, қала алаңымен аяқталады. Келушілер үшін сырғанақ, мұз айдыны жұмыс істейді. Жасыл шыршаның немесе арнайы фото аймақтардың жанында естелік фотосуреттер жасай аласыз.
  • "Ататүрік" саябағы. Ататүрік саябағындағы гүлзарлар түріндегі мұз айдыны астаналықтардың сүйікті орнына айналды. Кешкілікте мұнда түнгі жарық қосылып, ерекше атмосфера орнайды.